Бас жаңалықтар
Эстонияда ондаған тонна құлпынай солып қалды
08 Шілде 2020, 09:47 143

Эстонияда ондаған тонна құлпынай солып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эстонияда карантиндік шектеулерге байланысты жидектерді жинайтын адамның жоқтығына байланысты алқаптарда ондаған тонна құлпынай солып қалды. Бұл туралы эстондық Delfi басылымы жазды.

Эстониялық Құлпынай өндірушілер қауымдастығының басқарма мүшесі Элке Лиллеметстің айтуынша, кәсіпкерлерге үкімет өкілі хабарласып, келтірілген залалды қалай өтеуге болатынын анықтаған.

Көп ұзамай кәсіпкерлер тәуелсіз кеңесшінің көмегімен шығын сомасын есептеуге тырысады, бірақ қазірдің өзінде көптеген өндірушінің егінінің 75-80%-ы жарамсыз болып қалған. Лиллеметс бірқатар кәсіпкер өздерін банкрот деп жариялау жағын ойлай бастағанын айтады.

Қаржы министрі Мартин Хельме үкімет бәрін дұрыс жасағанын және елге жұмыс күшін уақытында жібермегені үшін құлпынай өндірушілері алдында кешірім сұрамауы керегін айтты.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...