«Еститін мемлекетте» Мейрамбек Беспаевты «тыңдайтын құлақ жоқ па?»

23 Қыркүйек 2020, 15:50
4065
Бөлісу:
«Еститін мемлекетте» Мейрамбек Беспаевты «тыңдайтын құлақ жоқ па?»

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әнші Мейрамбек Беспаев әлеуметтік желідегі парақшасында Алматы қаласының басшылығына ренішін жеткізді.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері өнердегі аға буынның арасында Алматыдан аядай мекен таппай жүрген кісілердің бар екенін жазды. Айтуынша, осы мәселені көтергенімен, ешкім сөзіне құлақ аспаған.

Алматы – көшелерінде талай мықтының табанының табы қалған, ән мен жырға арқау болған алып шаһар. Бір өкініштісі, сол қаланың бұрышынан қуықтай мекен бұйырмай жүрген өнердегі біраз ақсақалдарымыз бар. Айтудай-ақ айттық. Тыңдайтын құлақ жоқ, - деп жазды Мейрамбек Беспаев.

Ол өнер, мәдениет саласына еңбек сіңірген өнер адамдарына құрмет көрсетілмейтініне ренішін білдірді. 

Өнерпазына үрке қарайтын елде тұрып жатырмыз. Алдыңғы буын ағаларымызды ардақтайтын бір басшы табылмағаны өкінішті. Барын бағалай алмаған елдің ертеңіне сеніммен қарауға бола ма?! - дейді әнші.

Айта кетейік, әнші былтырғы шілде айынан бері Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың штаттан тыс кеңесшісі.

Өзгелердің жаңалығы