Полиция қызметкері ер адамды эскалатордан құлап кетуден құтқарып қалды

12 Шілде 2019, 12:35
2035
Бөлісу:
Полиция қызметкері ер адамды эскалатордан құлап кетуден құтқарып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік полицейі ер адамның эскалатордан құлап қалуының алдын алды. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Маңғыстау станциясындағы Желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне Патрульдік-посттық қызметінен Маңғыстау станциясындағы ЖПб көші-қон полициясы тобының инспекторы А.Қуанышев Ақтау қаласының халықаралық әуежайы ғимаратында патрульдеу кезінде эскалатормен көтерілген ер адамның құлап кетуінің алдын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға 9 шілдеде болған", - делінген хабарламада.

Департаменттің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, полиция қызметкерінің ептілігінің арқасында ер адам зардап шеккен жоқ. Ал полиция капитанының оң аяғының тізе буыны жыртылып, дене жарақатын алды. Оған медициналық көмек көрсетілді.

Медициналық тексеру қорытындысына сәйкес, Алматы облысының тұрғыны, яғни 61 жастағы ер адамның «жеңіл дәрежедегі» масаң күйде болғаны анықталды.

Бұдан соң, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігімен, яғни көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, оған 2,5 АЕК (6312 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Өзгелердің жаңалығы