Бас жаңалықтар
Есірткі сататын сайттар жабылды
19 Ақпан 2020, 18:51 89

Есірткі сататын сайттар жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орал қаласының прокуратурасы интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу барысында есірткі құралдары мен психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын насихаттайтын 8 сайтты анықтады.

Сайттар "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 2-бабының талаптарына қайшы әрекет еткен.

Сайттардағы ақпараттың Қазақстан Республикасының аумағында жариялануы заңсыз болғандықтан және оларды жабу үшін Орал қаласының прокуратурасы сайттарды заңсыз деп тану туралы сотқа талап арыз берді.

Азаматтық процестік кодекстің 54-бабына сай, адамдардың, қоғамның және мемлекеттің, егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығының қауіпсіздігі үшін орны толмас салдарларды болғызбау үшін қажет болса, бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және мүдделерін қорғау үшін прокурор сотқа арызбен жүгінуге құқылы.

2020 жылғы 27 қаңтарда прокурордың арызы қанағаттандырылып, сайттар заңсыз деп танылды.

Шешімнің орындалуы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүктелді.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...