Ержан Бабақұмаров Алматы қаласы әкімінің орынбасары болды

6 Шілде 2019, 11:25
1938
Бөлісу:
Ержан Бабақұмаров Алматы қаласы әкімінің орынбасары болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Алматы қаласы әкімінің өкімімен Ержан Бабақұмаров Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров 1969 жылы 2 наурызда Талдықорған облысында туылған. Саяси ғылымдар кандидаты.

1996 жылдан мемлекеттік қызметте. Президент Әкімшілігі ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі болған.

ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР Президенті жанындағы ОКҚ директоры болған. Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің жауапты хатшысы, вице-министрі қызметтерін атқарған. Соңғы жұмыс орны Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі.
Өзгелердің жаңалығы