Ертеңнен бастап Шымбұлақ ашылады

24 Мамыр 2020, 19:15
2586
Бөлісу:
Ертеңнен бастап Шымбұлақ ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Шымбұлақ тау шаңғысы курорты мамырдың 25-інен бастап ашылуы мүмкін.

Бұл туралы туристік нысанның Іnstagram парақшасында жарияланды.
Достар, жақсы жаңалық! Біз жазғы маусымның ашылуына дайындалып жатырмыз. Алдын ала дерек бойынша 25 мамырда ашыламыз. Ұзақ уақыттан бері алғаш рет бәріміз дүйсенбіні асыға күтіп жүрміз, - делінген парақшада.

Сонымен қатар, жазғы маусымда Шымбұлақтағы аспалы жолдардың жұмыс уақыты белгіленді.

Айта кету керек, коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты Алматы әкімдігі Медеу, Шымбұлақ, Көктөбе нысандарын 17 наурызда жапқан болатын.


Өзгелердің жаңалығы