Еркебұлан Сейдахмет «Қайрат» сапындағы алғашқы голын соқты

22 Шілде 2019, 09:24
2015
Бөлісу:
Еркебұлан Сейдахмет «Қайрат» сапындағы алғашқы голын соқты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 19-турында елге оралған Еркебұлан Сейдахмет «Қайрат» сапындағы алғашқы голын соқты.

Бұл турдағы орталық кездесуде Қостанайдың «Тобылы» мен Алматының «Қайраты» кездескен еді.

Еркебұлан матчтың 45+1 минутында көзге түсті. 19 жастағы шабуылшы сол қапталдан Бауыржан Исламханның әуелетіп берген добын жүгіріп келіп баспен ұрды. Оған «Тобыл» қақпашысы Эмиль Балаев тосқауыл бола алған жоқ. Бұл голды Голландия құрамасының экс-шабуылшысы Робин ван Персидың Испания қақпасына соққан голымен салыстырып жатқандар бар. 

Жалпы ойын 3:5 есебімен «Қайраттың» пайдасына шешілді. Еркебұлан Сейдахмет Алматы командасына жазғы трансферде ауысып келген.

Өзгелердің жаңалығы