Бас жаңалықтар
Энергетика министрлігінде қысқарту жүреді
08 Ақпан 2019, 17:16 927

Энергетика министрлігінде қысқарту жүреді

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев қарамағындағы қызметкерлерінің саны 90 бірлікке қысқартылатынын айтты. 

"Президенттің тапсырмасына сәйкес, министрліктің құрылымын және штаттық санын оңтайландыру бойынша, сондай-ақ ведомствоға бағыныстағы ұйымдар санын азайту бойынша жұмыстар жүргізілді. Министрлік қызметкерлерінің саны бірінші тоқсанның аяғына дейін 90 бірлікке қысқаратын болады. Орталық аппарат бойынша департаменттердің саны 17 дейін, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың саны 11-ден 7-ге дейін қысқарады", - деп мәлімдеді Бозымбаев Энергетика министрлігінің алқа отырысында.   

Министр жауапты хатшы Қанатбек Сафиновқа тиісті жұмыстарды жалғастыруды, сондай-ақ министрлік қызметінің тиімділігін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды және оңтайландыруды тапсырды.
Назерке Абибулла 

Сізден жаңалық