Бас жаңалықтар
Енді үйден шықпай-ақ жеке кәсіпкерлікті тіркеуге болады
30 Желтоқсан 2020, 17:27 817

Енді үйден шықпай-ақ жеке кәсіпкерлікті тіркеуге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Halyk Bank-пен бірлесіп жаңа сервисті іске асырды. Бұдан былай қазақстандықтар үйден шықпай-ақ жеке кәсіпкерлікті тіркей алады.

Жеке кәсіпкерлікті бірнеше рет басу арқылы ашуға болады. «ЖК болу» сілтемесі бойынша өту жеткілікті. Одан кейін жүйе алдағы қадамдарды ұсынады. Сондай-ақ ЖК ашудың барлық процесі 5 минуттан аспайды. Қызмет композитті екенін атап өту маңызды, яғни өтініш берушілер ЖК-ны онлайн тіркеп, ЖК-да шотты бірден бір терезеде аша алады.

Біз мемлекеттік қызметтерді алу процесін барынша жеңілдету бойынша жұмыс істеп жатырмыз және қазақстандықтарға ЖК тіркеудің баламалы тәсілін ұсынудамыз. Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі баяндамасының бірі – шағын және орта бизнесті қолдау болып табылады. Сондықтан министрлік ретінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін процестерді оңтайландыру үшін барлығын жасаймыз. Осындай біріктіруді басқа банктермен және ұйымдармен де жүргізудеміз. Цифрландыру барысында монополия жоқ, бірақ мақсатымыз пайдаланушылар қызметті үздіксіз алуын қамтамасыз ету. Мемлекет осы процестерде байқалмайтындай болуы тиіс, – деп түсіндірді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Бұдан басқа, ЖК ашқаннан кейін санаулы минуттарда кәсіпкерлер банкте шот ашып, корпоративтік карта шығарып, Onlinebank бизнесіне арналған мобильді қосымшасы арқылы өз шоттары мен карталарын қашықтан басқара алады.

Біздің барлық әзірлемеміз клиенттеріміздің ұсыныстарын ескере отырып, іске қосылады. Ал икемді жүйе оларды бейімдеуге және жетілдіруге мүмкіндік береді. Біз бизнес барысында өз ісін дамытуда қолдау мен көмек қажет екенін түсінеміз, сондықтан ЖК тіркеу қызметі - бұл біздің клиенттеріміз үшін уақтылы және қажетті сервис. Қызмет алуда қашықтықтан қол жеткізуді атап өту маңызды, - дейді Halyk Bank Транзакциялық сату департаментінің директоры Гүлсім Душатова. 

Onlinebank бизнеске арналған қосымшасы бизнестің жұмыс істеуі үшін көптеген пайдалы және ыңғайлы сервистермен жабдықталған. Бізбен бизнес клиенттер шоттарды басқара алады, 24/7 өзара есеп айырысуды жүргізе алады, шоттар бойынша барлық қажетті ақпаратты лезде ала алады. Бизнесті тегін сауда алаңында дамыта алады, онлайн бухгалтерияны жүргізе алады. Бұл бастаушы ЖК үшін өте маңызды. Біздің сервис салықтардың, аударымдардың сомасын дербес есептейді, сондай-ақ мағлұмдаманы МКБ-ға жібереді.

ЖК Halyk Bank қосымшасы арқылы тіркелуі ЖК болуын тексеру, ЖК қызметінің басталуы туралы хабарламаны және талонды қалыптастыру бойынша қосымша сервистерді құрудың арқасында мүмкін болды. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерімен, Е-лицензиялау мемлекеттік деректер қорымен және Банкпен біріктіру арқылы жүргізілді.

Сервис веб-нұсқасынан да, Onlinebank бизнесіне арналған мобильді қосымшасынан да қолжетімді. Қосымша Play Market және App Store-да жүктеуге болады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...