Енді авиация инспекторлары қызметтік міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін

21 Қыркүйек 2021, 16:56
877
Бөлісу:
Енді авиация инспекторлары қызметтік міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте көлік мәселелеріне қатысты заңға енгізілген өзгерістер таныстырылды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

Мәжілістегі отырыста Азаматтық авиация саласында заңнамаға бірнеше өзгеріс енгізу ұсынылды.

Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану процесін реттеу жөніндегі норманы енгізу, атап айтқанда сертификаттау рәсімін енгізу, қашықтықтан сәйкестендіруге қойылатын талаптарды белгілеу және оларды пайдалану аймақтарын айқындау. Сондай-ақ «ұшқышсыз авиациялық жүйе» және «ұшқышсыз әуе кемесі» ұғымдары енгізіледі, - деді вице-министр.

Камалиев баяндағандай, заң жобасында егемендігі анықталмаған немесе Қазақстан әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жауапты болатын шектес мемлекеттердің берілген әуе кеңістігінде орналасқан әуе кеңістігінде әуе қозғалысын ұйымдастыруды және оған қызмет көрсетуді аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші жүзеге асыратын норма бар.

Заң жобасында бірінші басшының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға жүктелген міндеттерді орындағаны үшін дербес жауапкершілігі және авиация инспекторларының өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі көзделеді, - деп түсіндірді ИИДМ өкілі тікелей эфирде.
Өзгелердің жаңалығы