Қарағандыда жаңа емxана ашылды

15 Мамыр 2019, 19:00
2437
Бөлісу:
Қарағандыда жаңа емxана ашылды

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандының Майқұдық шағын ауданында жаңа емxана емделушілерге есігін айқара ашты. Медицина мекемесі 20 мыңнан астам астамға қызмет көрсететін болады. 

Восток-1 ықшам ауданында салынған емxана Көгілдір тоғандардағы №4 емxана дәрігерлерінің жұмысын жеңілдететін болады. Отбасы денсаулығы орталығы таңғы 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін екі ауысыммен жұмыс істейтін болады. 

«Отбасы денсаулығы орталығы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасының аясында салынды. Мұнда емделушілерге бір терезе қағидатымен медициналық қызмет көрсетілетін болады. Кабинеттер заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған», - деді Қарағанды облыстық денсаулық басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев. 

Оның айтуынша, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуді қолжетімді ету жоспарына сай аймақта 18 нысан салынады. Бұл емxана солардың алғашқысы. Алдағы жылдары жоспардағы нысандардың барлығы пайдаланылуға берілмек. Шағын емxаналар Жезқазған, Балқаш қалаларында да бой көтереді. 

«Ертеңнен бастап барлық кабинет толыққанды жұмыс істейтін болады. Қабылдауды жалпы тәжірибе дәрігерлері, терапевтер, акушер-гинекологтар, балалар дәрігері және тағы да басқа мамандар жүргізеді. Орталық мемлекеттік стандарттарға сай салынғандықтан мұнда қабылдауға онлайн түрде жазылуға болады. Сондай-ақ, дәрігердің қабылдауына электрондық кезекпен кіресіз. Орталықтағы ақылы қызметтердің бағасын басқарма қадағалап отырады», - деді Ержан Нұрлыбаев. 

Майқұдықта тағы бір шағын емxананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. 11а шағын ауданында салынатын денсаулық орталығы 8 мың адамға қызмет көрсететін болады.
  

Өзгелердің жаңалығы