Елорданың кейбір көшелерінде қозғалыс уақытша шектеледі

1 Сәуір 2019, 19:32
2078
Бөлісу:
Елорданың кейбір көшелерінде қозғалыс уақытша шектеледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2-7 сәуір аралығында астананың сол жақ жағалауындағы кейбір көшелерде жол қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«Жеңіл рельсті көліктің құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Сығанақ көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі оң жақ бүйірі жолы жабылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, Сығанақ-Түркістан және Сыганақ-Ақмешіт қиылысында оңға бұрылу мүмкіндігі бар екенін естеріңізге саламыз. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз», – делінген қалалық «Астана ЛРТ» компаниясы таратқан хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы