Елорданың бірқатар көшесінде өзгерістер болмақ

8 Қараша 2019, 21:25
2371
Бөлісу:
Елорданың бірқатар көшесінде өзгерістер болмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Қабанбай батыр, Қорғалжын және Тұран көшелерінде көптеген өзгерістер болмақ. 


Қосшығұлұлы көшесі және Сарыбұлақ жағалауы бас шаһардың тартымды орталықтарының біріне айналады. Бұл туралы "Forbes.kz" сайтына сұхбат берген сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқарма басшысы Нұрлан Ұранхаев мәлімдеді.

Келешекте Қабанбай батыр, Қорғалжын, Тұран көшелерінде көптеген өзгерістер болмақ. Онда жаңа жол айрықтар пайда болады және қазірде олардың жобасы әзірлену үстінде. Қала көркі мен келбетін өзгерту осылайша кезең-кезеңімен іске асады, шаһардың бірыңғай стилі қалыптасады. Қызыл сызық, яғни аудан, көше, шағын аудан және тұрғынжайлар арасын айқындайтын шекара тәртібін қатаң сақтауға, онда жүргізілетін құрылыс қағидаттарын сақтауға баса назар аударылмақ. Ал қаржыландырудың нақты көлемі жобалық-сметалық құжаттама әзір болғанда және мемлекеттік сараптамадан  өткеннен кейін белгілі болады, - деді басқарма басшысы. 
Оның сөзіне сүйенсек, бұл жобаларды жүзеге асыру барысында қала тұрғындарының барлық ұсыныс-тілектері ескерілген. Яғни, қазан айының ортасында барлық ескертпелер мен өтінішхаттар қабылданып, сараланған екен. Тек содан кейін ғана жобалаушылар іске кіріседі. Бірінші кезең 2020 жылға жоспарланған. Ал бұл жұмыс келесі жылы басталады.
Евразия сауда орталығының ауданында 15 км жерді реконструкциялау, оның ішінде оларды жаяу жүргіншілер үшін  барынша ыңғайлы ету жоспарлануда. Қосшығұлұлы көшесінің және Сарыбұлақ жағалауының ұзындығы – 1,65 км болады. Қазір бұл ауданда қоғамдық кеңістіктердің жетіспейтіндігін ескерсек, болашақта оны керісінше тартымды орталықтардың біріне  айналалдыру қарастырылуда.  Әзірбаев, Қошқарбаев және Жүргенов көшелерінің ауданын да, яғни ұзындығы – 4,1 км аумақты 2020-2025 жылдарға арналған абаттандыру бағдарламасының бірінші кезеңімен қамту жоспарлануда, - деп түйіндеді Ұранхаев. 
Өздеріңізге белгілі, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласын одан әрі дамыту мәселелері бойынша өткен кездесу барысында елорданың дизайн-кодын әзірлеуді және жайлы қалалық орта құруды тапсырған болатын.


Өзгелердің жаңалығы