Бас жаңалықтар
Елордалықтар мен қала қонақтары тегін экскурсияға қатыса алады
03 Мамыр 2019, 20:45 521

Елордалықтар мен қала қонақтары тегін экскурсияға қатыса алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отан қорғаушылар және Жеңіс күнін мерекелеу барысында 7 және 9 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары «Red Bus» автобустарымен сол жақ жағалауға тегін экскурсияға қатысу мүмкіндігіне ие болады, деп xабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Экскурсия «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және «Астана-Бәйтерек» монументінен басталады. 

Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады (бір рейс - қазақ тілінде, екінші рейс - орыс тілінде, ауысу арқылы).  

Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі қажет. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді. 

Барлық сұрақтар бойынша call-орталыққа хабарласуға болады:  +7 777 555 75 75, 77-90-99, Instagram: @redbus.kz.

«AiLand» аялдамасынан қозғалу уақыты: 
- сағ. 10.30 (орыс тілінде);
- сағ. 12.45 (қазақ тілінде);       
- сағ. 15.15 (орыс тілінде);
- сағ. 17.30 (қазақ тілінде);
- сағ. 19.45 (орыс тілінде).

Бұдан кейінгі аялдамалар:

«Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «Нұр-Әлем» сферасы, Ұлттық Музей, «Астана Бәйтерек» монументі және «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы.

«Астана Бәйтерек» монументі аялдамасынан қозғалу уақыты: 
- сағ. 11.00 (қазақ тілінде);
- сағ. 13.15 (орыс тілінде);
- сағ. 15.45 (қазақ тілінде);
- сағ. 18.00 (орыс тілінде);
- сағ. 20.15 (қазақ тілінде).

Бұдан кейінгі аялдамалар: «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы, «Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы. «Нұр-Әлем» сферасы, Ұлттық Музей және «Астана Бәйтерек» монументі.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық