Алтай Көлгінов елордалық 1050 жасқа пәтер кілтін табыстады

14 Желтоқсан 2019, 12:16
12499
Бөлісу:
Алтай Көлгінов елордалық 1050 жасқа пәтер кілтін табыстады
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мерейлі мереке – Тәуелсіздік күні қарсаңында елордалық 1050 жасқа пәтер кілтін табыс етті. Яғни жұмыс істейтін жастарға Ш. Уәлиханов көшесі 23/1 мекенжайында орналасқан көпқабатты сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй берілді.

WhatsApp Image 2019-12-14 at 12.12.19 (4).jpeg

Біздің ең қымбат құндылығымыз – Тәуелсіздік. Бүгін ең қасиетті әрі тарихи мереке алдында осындай қуанышқа қолжеткізіп отырсыздар. Жаңа баспанаға ие болып отырсыздар. Бұл Тұңғыш Президент - Елбасының "Жастар жылы" деп жариялаған бастамасы мен Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың нағыз жұмыс істейтін жастарды қолдау мақсатында 1050 пәтерді беру туралы тапсырмасын жүзеге асырдық. Міне, бүгін 1050 жас баспаналы болды. Жастардан бөлек тағы да 500-ден аса пәтер аз қамтылған отбасыларға беріледі. Бұл баспанаға мұқтаж азаматтарға арнайы салынған үйлер, - деп бастады сөзін елорда әкімі Алтай Көлгінов.

WhatsApp Image 2019-12-14 at 12.12.19 (2).jpeg

Шаһар басшысы бұл жастарды жұмысқа ынталандыру және олардың Нұр-Сұлтан қаласының өркендеуіне, еліміздің дамуына алаңдамай жұмыс жасау үшін жасалған жағдай екенін баса айтып өтті.

Жастарымыз елге аянбай еңбек ету үшін, алаңдамауы үшін баспанамен қамтамасыз етуді жүзеге асырып жатырмыз. Қуаныштарыңыз құтты болсын! Мына жерде 1-қабатта балаларға арналған шағын орталықтар болады. Емхана мен полицей учаскесі орналасады. Көрсетілетін қызметтердің барлығы бір жерде шоғырлансын деп президенттің тапсырмасы бойынша іске асырып жатырмыз. Сондықтан қадірменді жастар, мерекеміз құтты болсын! Әр азамат өз орнында аянбай жұмыс істейтін болса, міндетті түрде айтулы нәтижеге қолжеткіземіз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!, - деді әкім салтанатты кілт табыстау рәсімінде.

WhatsApp Image 2019-12-14 at 12.13.30.jpeg

Сондай-ақ, бұдан басқа әкімдік ескі және апатты үйлерді сүру жобасы бойынша 150 отбасыға үй бермекші.
Көптен күткен баспанаға ие болған бақытты отбасылардың бірі – ерлі-зайыпты Сапарбаевтар. 

Жұбайым екеуміз баспанаға құжаттарды қараша айында тапсырдық. Күтпеген жерден жауабын кеше таңертең ғана естідік. Өте қуаныштымыз. Оны сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Үйімізге бүгін кіріп тұрмыз. Әкімдік бізге екі бөлмелі пәтер берді. Разымыз. Отбасы құрғаныма 7 жылдан асты. Аллаға шүкір, екі балам бар. Бұйырса, тағы да перзент сүюді жоспарлап отырмыз. Жаңа үйде жаңа нәрестеміз дүниеге келмекші, - дейді Нұр-Сұлтан қаласында Жер кадастрында қызмет ететін қала тұрғыны Нұрлан Сапарбаев.

WhatsApp Image 2019-12-14 at 12.13.17.jpeg

Алғашында жары екеуі бұл сүйінші хабарға сенер-сенбесін білмеген екен. 

Басында сенбеушілік пайда болды. Бере ме, бермей ме деп күдіктендік. Барлық талаптарға сай келіп, конкурстан сәтті өттік. Разымыз. Менің жасым 27-де, жолдасым 29-да. Құжаттарды электронды түрде "Smart Astana" порталы арқылы тапсырған едік. Жалға алу шарты бойынша 5 жылға берілді, - деп өз қуанышымен бөлісті жары Анар Сапарбаева. 

Сондай-ақ, бұдан басқа әкімдік ескі және апатты үйлерді сүру жобасы бойынша 150 отбасыға үй бермекші.

Баспаналы болған азаматтар "жаңа пәтер - үлкен тірек, мүмкіндік" деп отыр. Олардың айтуынша, мемлекет тарапынан көрсетілген мұндай қамқоршылық бес жыл ішінде ақша жинап жастардың өз пәтерін сатып алуға жол ашып береді.

Өзгелердің жаңалығы