Елордалық дәрігерлер Арыс қаласындағы тұрғындарға қаражат бөлді

26 Маусым 2019, 12:23
1668
Бөлісу:
Елордалық дәрігерлер Арыс қаласындағы тұрғындарға қаражат бөлді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласындағы ахуалды жағдай бүкіл ел үшін ортақ қайғы. Қазақстан бойынша гуманитарлы көмекпен қатар, Арыста болған жарылыстардан зардап шеккендерге медициналық-әлеуметтік көмек көрсетілуде. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Арыс тұрғындарына гуманитарлы көмек көрсету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Түркістан» әлеуметтік даму корпаративті қорына қаражат бөліп, жолдады. Аталған сомма Басқарма қызметкерлері мен қалалық клиникаларының медициналық қызметкерлерінің біркүндік жалақысынан жиналған қаражат.

Сондай-ақ, барлық елордалық медициналық ұйымдар мен медициналық қызметкерлер отандастарымызға жедел медициналық қызмет көрсетуге толықтай дайын екенін хабарлаймыз. Осылайша, қазіргі таңда Шымкент қаласы мен Түркістан облысында мекен етіп жүрген Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына медициналық көмек көрсету мақсатында 4 мультидисциплинарлы топ барады. Әр мобильді топ елорданың 7 білікті маманнан: реаниматолог, хирург, нейрохирург, травматолог, акушер-гинеколог, терапевт и педиатр-дәрігерден құрылған. Сонымен қоса, жарылыс салдарынан зиян тартқандарға психологиялық көмек көрсетіледі.

«Түркістан облысы, Арыс қаласындағы болған қайғылы оқиғаға бәріміз қатты әбіржіміз. Елорда дәрігерлері керек деген барлық медиицналық көмекті көрсетуге даяр. Сондай-ақ, Басқарма қызметкерлері мен қалалық клиникаларының медициналық қызметкерлерінің біркүндік жалақысынан жиналған қаражатты «Түркістан» әлеуметтік даму корпаративті қорына жіберілді. Біз - бір отбасы, сол себепті, осындай қиын жағдайда бәріміз бірігіп, қол ұшын созумыз керек», - деді Басқарма басшысы Марат Шоранов.

Өзгелердің жаңалығы