Елордадағы Оқушылар сарайының директоры қайтыс болды

5 Ақпан 2021, 16:29
5617
Бөлісу:
Елордадағы Оқушылар сарайының директоры қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанадағы Оқушылар сарайының директоры Ербол Іргебай қайтыс болды.

ШҚО Үржар ауданынан шыққан терең білімді ұстаз, ұлт жанашыры, қазақтың нағыз зиялы азаматы 30 жылдан астам уақыт бойы шәкірт тәрбиелеп, ұстаздық еткен еді.

Оқушылар сарайына жетекшілік етпес бұрын ол Нұр-Сұлтан қаласындағы Ә.Марғұлан атындағы №40 орта мектептің директоры болған.

Оқушылар сарайының педагогі Нәрия Ақбабақызы марқұмның туыстарына көңіл айтты.

Қайран ағай, Ербол Іргебай ағай сене алар емеспін! Соңғы рет сөйлескенде, еңбектене бер, еңбек бәрін жеңеді деп едіңіз. Көз жасымды тоқтата алар емеспін... Адамдықтың шыңы едіңіз. Сабақ болып жатса, бөлмейін деп айналып өтетін едіңіз. Қарапайымдылықтың үлгісі болдыңыз. Жаныңыз жәннатта болсын, алтын ағайым! Жүрегімде сізге деген құрмет мәңгі қалады!, - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.


Өзгелердің жаңалығы