Елордада жексенбі күндері автобустар жүреді

9 Қыркүйек 2021, 13:09
5420
Бөлісу:
Елордада жексенбі күндері автобустар жүреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада демалыс күндері қоғамдық көлік жүреді. Бұл туралы CTS баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтанда жексенбі күндері де қоғамдық көлік жұмысы қайта іске қосылады. Бұған дейін сенбі күндері автобустардың жұмысына рұқсат етілген болатын. Осылайша, қоғамдық көлік енді аптаның барлық күні сағат 6.00-ден 23.00-ге дейін штаттық режимде жүреді, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, дезинфекция жұмыстары жалғасуда, автобустар күн сайын тазартылады.

Қоғамдық көлікте бетперде режимін сақтау қажет. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді, яғни көліктік карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу арқылы.

Өзгелердің жаңалығы