Алакөлге баратын жолдар жөнделіп жатыр

9 Қыркүйек 2021, 13:07
1998
Бөлісу:
Алакөлге баратын жолдар жөнделіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Жыл қорытындысы бойынша ортаазиялық республикаларды Ресей Федерациясының Шығыс сібірімен, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік және шығыс өңірлерін байланыстыратын халықаралық транзиттік дәліз Талдықорған-Өскемен учаскесін реконструкциялау бойынша негізгі жұмыстарды аяқтауды жоспарлап отырмыз, - деді ол.

Қамалиев атағандай, "Үшарал-Достық" автожолы реконструкцияланып жатыр.

Биыл қозғалыс ашуды, ал келесі жылы толықтай аяқтауды көздейміз. Бұл автожолдар Алакөл көлінің туристік кластерін дамыту үшін үлкен маңызға ие, - деді ол.

Қамалиев Түркістан және Жамбыл облыстарынан және көршілес республикалардан орталық бағытындағы көлік ағыны мәжбүрлі түрде Алматы арқылы 250 шақырым артық жүріс жасап жүргенін жеткізді.

Меркі – Бұрылбайтал әлеуметтік маңызы жоғары автомобиль жолы және Орта Азия елдерінен транзитке әсер етеді. Биыл негізгі жұмыстарды аяқтап, қозғалыс ашуды жоспарлап отырмыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы