Елордада жас ана баласымен бірге 12-қабаттан секіріп кетпекші болды
VIDEO
23 Қазан 2021, 13:40 19936

Елордада жас ана баласымен бірге 12-қабаттан секіріп кетпекші болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 қазан күні кешке Астанада жас ана бір жарым жастағы баласын алып, 12-қабаттан секіріп кетпекші болған.

Сағат 17:30-да Куприн көшесінде полиция капитаны Қайрат Нариманов көпқабатты үйдің 12-қабатындағы балконда отырған қолында баласы бар әйелді байқаған. Әйел балконнан секіріп кетпекші болған. Полиция қызметкері бірден әрекет етіп, жоғарыға көтерілген. Есік саңылауынан әйелдің оны байқамайтынына көз жеткізіп, тез барып оны ұстап қалған, – делінген Нұр-сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
21 жастағы әйел отбасылық жанжалдан кейін осындай әрекетке барған. Оның қолында бір жарым жасар бала болған.

Бұл күні менің күнделікті кезекшіліктен кейінгі демалыс күнім болды. Балабақшадан балаларыммен бірге қайтып келе жатып, аулада жиналып қалған адамдарды көрдім. Қарасам, балконда құшағында нәрестесі бар әйел отыр. Ойланбастан, кіреберіске қарай жүгірдім, сол сәтте менімен бірге лифтіге куәгерлердің бірі жүгіріп кірді. Бәрі ойдағыдай болды, дер кезінде келіншекті ұстап қалып, үйге кіргіздім, – деді полиция қызметкері.

Жас ананы осындай әрекетке жеткізген жұбайына қатысты қорғаныстық ұйғарым шығарылды, отбасы бақылауға алынды. Әйелге психологиялық көмек көрсетілді.


Фото: дереккөз
Загрузка...