Елімізде мысықтарды COVID-19-дан қорғайтын вакцина ойлап табылды

23 Қазан 2021, 13:07
18111
Бөлісу:
Елімізде мысықтарды COVID-19-дан қорғайтын вакцина ойлап табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Отандық ғалымдар мысықтарды коронавирус инфекциясынан қорғайтын вакцина ойлап тапты. Коронавирусқа қарсы үй жануарларын вакцинациялауға арналған препарат NARUVAX-C19 (pets) деп аталады.

Аталған отандық өнім Kazagro көрмесінде таныстырылды. Мысықтарға арналған екпе – NARUVAX-C19 (pets) суббірлікті вакцина болып табылады.

Бұл ветеринарлық вакцинаның пайда болуы SARS-CoV-2 вирусының спецификалық кедергіні жеңіп, иелерінің шеңберін кеңейте алатындығына байланысты болып отыр. Біздің кейбір үй жануарымыз, атап айтқанда, мысықтар осы инфекцияға бейім және вирустың мутациясына өз үлесін қоса алады, - дейді Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы Халықаралық Вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов.
Елімізде мысықтарды COVID-19-дан қорғайтын вакцина ойлап табылды

Оның айтуынша, NARUVAX-C19 (pets) вакцинасы мысықтарда жан-жақты сынақтан өткізілген. Нәтижесінде SARS-COV-2 вирусынан қорғауды қамтамасыз еткен. Сондай-ақ ол COVID-19 вирусының дельта штамм антиденелерін бейтараптандыратын жоғары титрлердің пайда болуына себеп болыпты.

Вакцина мысықтарға тексерілген, бірақ басқа жануарларды да вакцинациялауға болады. Осы екпенің көмегімен біз жануарлар әлемін COVID-19-дан қорғай аламыз деп үміттенеміз, - деп атап өтті Халықаралық Вакцинология орталығының директоры.
Айта кететін жайт, жануарларға арналған коронавирустық вакцина құрамы бойынша адамдарға арналған вакцинадан мүлдем өзгеше.
Бұл мүлдем басқа вакцина, атап айтқанда оның адъюванты - антигенге иммундық реакцияны күшейтетін компонент, - деп отыр ғалым.
Мысықтарға арналған вакцинаны жасау үшін ҚазҰАУ жанындағы ХМО және ҚР ДСМ аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының ғалымдары еңбек еткен.

Әлемде жануарларға арналған COVID-19 вакциналары да жасалады. Мұны ірі фармацевтикалық компаниялар өндіреді.

Өзгелердің жаңалығы