Елордадағы субұрқақтар мамырдан бастап іске қосылады

26 Сәуір 2019, 11:12
1629
Бөлісу:
Елордадағы субұрқақтар мамырдан бастап іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайта іске қосар алдында мамандар 43 субұрқақ және 45 субұрқақ кешенін тексерістен өткізуде. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«Барлық субұрқақтарды іске қоспас бұрын біз техникалық және тазалық жұмыстарын жүргіземіз. Оған: шамдарды, музыка мен жарық беруді, құбырлардың жарамдылығын тексеру, сыртқы көріністі қалпына келтіру, сондай-ақ суды дайындау жатады. Іске қосылған соң мамандар жоспарлы тексерулер жүргізеді. Күн сайын сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін, 16:00-ден 17: 00-ге дейін техникалық үзіліс кезінде қоқыс жинау ұйымдастырылады», – деп мәлімдеді Есіл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ең үлкен субұрқақтар «Жерұйық» саябағында, «Астана-Бәйтерек» монументі жанында, Министрліктер үйі мен «Жастар» сарайының жанында орналасқан. Қаладағы субұрқақтар 1 мамырда іске қосылмақ.         


Өзгелердің жаңалығы