Елордада коронавирусқа қарсы қандай вакциналар бар?

3 Қыркүйек 2021, 14:36
12155
Бөлісу:
Елордада коронавирусқа қарсы қандай вакциналар бар?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифинг барысында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова хабарлады. Оның айтуынша, бүгінде елордада коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 3 түрі бар.

Олар: отандық QazVac вакцинасы, ресейлік «Спутник» және қытайлық Sinofarm вакцинасы. Сондай-ақ азаматтарды вакцинациялауға ынталандыру үшін елорда әкімдігі апта сайын түрлі құнды жүлделердің ұтыс ойындарын өткізіп, екпе алғандар үшін акциялар өткізді, - деп атап өтті Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

Оның айтуынша, тұрғындар азаматтық позицияларын көрсетіп, вакцина алушылардың қатарын толықтырып жатқан көрінеді. Әсіресе бас қаладағы жоғары оқу орындары мен колледждің 3-4 курс студенттері екпені белсенді түрде салғызуда. Аға буын да жастардан қалыс қалмаған.

Бүгінгі таңда елордада коронавирус инфекциясына қатысты вакцинаның бірінші компонентін 407 мың адам алған. Бұл тиісті контингенттің 63%-ын құрайды.

Өзгелердің жаңалығы