Елордада киокушинкай каратэден әлем чемпионаты өтеді

5 Желтоқсан 2019, 17:10
10808
Бөлісу:
Елордада киокушинкай каратэден әлем чемпионаты өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 7-8 желтоқсан күндері Нұр-Сұлтан қаласында киокушинкай каратэден әлем чемпионаты өтеді. 

Бұл туралы Киокушинкай каратэден ұлттық республикалық федерациясының президенті Омархан Өксікбаев айтты.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына сақадай сай. Негізі әлем біріншілігіне бір елден бір спортшы қатысады. Қазақстан жарыс қожайыны ретінде екі құрам шығарады. Еліміздің намысын 15 салмақ дәрежесі бойынша 30 спортшы жарыс алаңына шығады. Жалпы әлем чемпионатынан үмітіміз көп, кем дегенде екі алтын алуымыз керек. Сеніп отырған жас спортшыларымыз да жоқ емес, - дейді Омархан Өксікбаев.

Әлем чемпионатында ерлер арасында 9 (60, 65, 70, 75,80, 85, 90, 95, 95+ келі) және әйелдер арасында 6 салмақ (50, 55, 60, 65, 70, 70+ келі) бойынша жүлделер сарапқа салынады.

Әлемдік доданы Қазақстанның жауынгерлік өнер ассоциациясы және 2011 жылы құрылып, Швейцарияда тіркелген Kyokushin World Union халықаралық қауымдастығы ұйымдастырып отыр.

Айта кетейік, жалпы әлем чемпионатына 54 мемлекеттен 301 спортшы келді.

Өзгелердің жаңалығы