Елордада киім дүкенінен өрт шықты

11 Қаңтар 2022, 09:56
1071
Бөлісу:
Елордада киім дүкенінен өрт шықты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Елордада Cotton киім-кешек дүкенінен өрт шықты.

Бүгін сағат 08:54-те Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметіне Мәңгілік ел 19/1 даңғылындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті.

Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде “Cotton” дүкенінде өрт шыққаны анықталды. Өрт болған жерде жеке құрамнан 22 адам және 4 техника жұмыс істеді, - деді қалалық ТЖД.

Өрт 09.22-де ауыздықталды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы