Бас жаңалықтар
Елордада кассаны тонамақ болған қарақшылар ұсталды
17 Сәуiр 2019, 11:08 258

Елордада кассаны тонамақ болған қарақшылар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда полицейлері ЖШС-ның кассасын тонамақ болған күдіктілерді ұстады, деп хабарлады Елорда Инфо.

Жедел іздестіру шараларының барысында қарақшылық шабуыл жасамақ болған қылмыстық топты қолға түсірді.

"Олар бұрын сотты болған 28-30 жас аралығындағы қала және Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары. Күзетшіні соққыға жығып, қорқытып, ЖШС-ның кассасынан ақша алуды көздеген. Бірақ күзетші дабыл тетігін басып үлгерген. Олар оқиға болған жерден қашып кеткен болатын", - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Қазіргі таңда тергеу шаралары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша қамау изоляторына қамауға алынды. Олардың басқа да қылмысқа қатыстығы тексерілуде.

Полиция департаменті ұсталғандардың қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтар болса мына телефондарға хабарласуды сұрайды: 8 (7172) 71-61-51; 71-63-16 немесе «102».



Фото: дереккөз

Сізден жаңалық