Елордада кәріз желісіне рұқсатсыз қосылған 137 жағдай анықталды

25 Қыркүйек 2021, 23:15
2397
Бөлісу:
Елордада кәріз желісіне рұқсатсыз қосылған 137 жағдай анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың басынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Elorda Eco System» МКК қызметкерлері нөсер кәрізі желісіне шаруашылық-тұрмыстық қалдықтардың рұқсатсыз қосылуын және төгілуін анықтау үшін 5 мыңнан астам құдықты тексерді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінгі күні аталған бұзушылықтар бойынша 137 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 22 адамға жалпы сомасы 1 793 955 теңгеге айыппұл және 115 адамға ескерту түрінде әкімшілік жазалар салынды.

Анықталған заңсыз қосылулар жойылды және жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін табиғат қорғау полициясына берілді. Нөсер кәріздері желісіндегі рұқсат етілмеген қосулар тұрмыстақ қалдықтар кәрізі желісі салынбаған жеке секторлардың көбінде анықталды. Олар экологияға үлкен зиян келтіреді. Себебі нөсерлі кәріз желілеріне «қалдық сулардың» төгілуі желіге қосымша жүктеме түсіреді, бұл кейіннен нөсерлі ауа райы жағдайында мегаполистің су басуына әкеледі.

Өзгелердің жаңалығы