Бас жаңалықтар
Елордада көпбалалы отбасыларға арналған чат-бот ашылды
14 Ақпан 2019, 17:23 600

Елордада көпбалалы отбасыларға арналған чат-бот ашылды

Астана, BAQ.KZ. Астана әкімдігі көпбалалы отбасыларға арнап арнайы әзірленген чат-ботты іске қосты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

«Енді мемлекеттік жәрдемақылар немесе әрбір жекелеген жағдай бойынша көмек түрі туралы, сондай-ақ, жұмысқа орналасуға немесе қысқа мерзімді курстарда білім алу үшін көрсетілетін қолдау туралы толық ақпаратты алу үшін чат-боттағы сауалнаманы толтыру қажет», – делінген қала әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

CRM жүйесі деректерді жаңартады. Бұдан әрі жұмыспен қамту орталығының қызметкері қысқа мерзімде өтініш білдірушіге хабарласады. Бір сөзбен айтқанда, қолдануға ыңғайлы сандық байланыс уақытты да үнемдейді.

Чат ботқа мына сілтеме арқылы өтуге болады.


Сізден жаңалық