Елордада инклюзивті черлидингтен ашық республикалық турнир өтті

1 Мамыр 2022, 14:35
1700
Бөлісу:
Елордада инклюзивті черлидингтен ашық республикалық турнир өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың паралимпиадалық жаттығу орталығында инклюзивті черлидинг, чир-спорт және мажорет-спорт түрінен алғашқы ашық республикалық турнир өтті.

Оған еліміздің әр өңірінен 220-дан астам бала қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Командалар 15 пән бойынша сынға түсті. Қатысушылар бірнеше топқа бөлінді:

А тобы – есту қабілеті бұзылған (құлағы естімейтін, нашар еститін) спортшылар;
B тобы – көру қабілеті бұзылған спортшылар (нашар көретін, зағип);
С тобы – соматикалық аурулары бар спортшылар (эндокриндік жүйе аурулары, қант диабеті, ішкі ағзалардың болмауы және т.б.);
D тобы – тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар (арбада отырғандар, т.б.);
Е тобы – бұлшықет дамуы бұзылған спортшылар (полиомиелит, серпімділік, церебралды сал ауруы);
F тобы – психикалық және ақыл-ой кемістігі бар спортшылар (ақыл-есі кем, аутизм спектрінің бұзылуы, даун синдромы);
G тобы – өсудің бұзылуы (ахондроплазия);
H тобы – аралас топтар (әртүрлі топтардың спортшылары).

Іс-шараның мақсаты – ерекше балаларды заманауи қоғамға әлеуметтік бейімдеу, баланың дамуына ықпал ету, инклюзивті қоғамды дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және ерекше физикалық қажеттіліктері бар адамдар арасында паралимпиадалық спорт түрлерін насихаттау.

Турнир қорытындысы бойынша командалар мен қатысушылардың бәрі кубоктармен, медальдармен, грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Айта кету керек, паралимпиадалық жаттығу орталығына ай сайын ерекше қажеттіліктері бар 4000-нан астам адам келеді, олар спорттың 18 түрімен айналысады және бейімделген жаттығу залына барады. Мұнда пара черлидинг бойынша жаттығулар өткізіледі. Орталықтың барлық қызметі тегін.

Өзгелердің жаңалығы