Astana IT University таныстырылды

10 Қыркүйек 2019, 06:31
3374
Бөлісу:
Astana IT University таныстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мекеменің міндеті - "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын табысты іске асыру аясында білікті кадрлар дайындау. Студенттер криптографияны, робототехниканы, Big Data, жасанды интеллект, сандық криминалистиканы, бағдарламалауды үйренеді. Биылғы оқу жылында университет қабырғасында 6 бағыт бойынша 613 студент білім алады.

Жалпы 579 грант бөлінді. Студенттер алдында сөйлеген вице-премьер Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтардың білімді ұлт болуы міндетін қойғанын атап өтті.

"Сіздерге әлемдік стандарттарға сай жаңа ІТ университетінің алғашқы студенттері болу бұйырды. Өмірде барлығы тек өзіңізге байланысты. Әрбір азамат өз еліне лайықты тұрғын болу үшін уақыт талаптарынан қалмай, Отанымыздың дамуына үлес қосуы керек", - деді Б. Сапарбаев.

Университет құрылысы 10 айға созылды. Оқу орны ашық кеңселерге ұқсайды. Оқу орнында барлығы 680 бөлме, оның ішінде 140 аудитория бар. Сондай-ақ тренажер және спорт залдары, коворкинг-аймақ, тақырыптық кабинеттер мен кітапхана бар. Төрт жылдық бағдарламаны студенттер 3 жыл ішінде өтеді. Университет ақпараттық технологияларды оқытуда флагман болуы тиіс. Қала әкімі А. Көлгінов мұндай университет елордада алғаш рет ашылғанын атап өтті.

"IT саласының қыр-сырымен танысып, жіті білім алу үшін еліміздің көптеген өңірлерінен балалар келді. Цифрландыру мен жаһандандыру ғасырында біз тек білімнің арқасында ғана алға жылжи аламыз. Осы бағытты алға жылжыту үшін елордада киберспорт бойынша чемпионат ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. "Astana Innovations", "Астана" ӘКК, "iKomek" кеңселері болатын саябақты ашуды жоспарлап отырмыз - сіз тәжірибе ала аласыз, жұмысқа орналаса аласыз. Университет логистикасы өте ыңғайлы. Қасында өз паркі, әуежай, Мега СОО бар. Ең бастысы-оқу", - деді А. Көлгінов.

Astana IT University құрылтайшысы "Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім Қоры" ҚҚ болып табылады. Қор директоры Динара Құлыбаеваның айтуынша, құрылған университет-тиімді мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жарқын үлгісі.

"Ақпараттық технологиялар тек деректерді жасау және өңдеу ғана емес. Бұл көптеген өзара байланысқан ғылыми және техникалық салалар. Дәл осы жерде IT саласындағы әртүрлі стартап жобалар жүзеге асырылатын болады деп сенемін", - деді Д. Құлыбаева.

Келесі жылы Оқушылар саны 2 мыңнан сәл артық болады деп жоспарлануда. Оның 1700 – і гранттық орындар болады.


Өзгелердің жаңалығы