Бас жаңалықтар
Елордада «Еуразияның таза жағалауы» сенбілігі өтеді
25 Маусым 2019, 13:09 153

Елордада «Еуразияның таза жағалауы» сенбілігі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 маусым күні елорда тұрғындарын «Еуразияның таза жағалауы» акциясы аясында қала көшелерін тазалауға шақырады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайты.

"Сенбілік «Біз таза ел үшін» экологиялық қозғалысы аясында өткізіледі. «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ «Let' s do it, Qazaq eli» қозғалысымен, Астана автоклубтар Альянсымен, «Спарта Астана Экоклубымен», «Қазақстан еріктілер альянсымен» бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және Астана Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік «World Clean up day 2019» акциясына қатысуын дайындау шеңберінде ұйымдастырылады. Акцияға қатысу қоршаған орта мен қоғам үшін, уақытты қызықты және пайдалы өткізу ғана емес, сонымен қатар ниеттес жандармен танысуға, азаматтардың экологиялық санасының қалыптасуы мен дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді. 29 маусымда таңғы сағат 10-да елорда тұрғындарын қолғаптармен, пакеттермен, сумен және жақсы көңіл-күймен елорда көшелерін тазалауға шақырды", - делінген таратылған ақпаратта.



Фото: дереккөз

Сізден жаңалық