Бас жаңалықтар
Елордада демалыс күндері өтетін жәрмеңкелер қараша айына дейін жалғасады
17 Мамыр 2021, 23:26 361

Елордада демалыс күндері өтетін жәрмеңкелер қараша айына дейін жалғасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл көктемгі ауылшаруашылық жәрмеңкесінің ең алғашқысы Сарыарқа ауданында өтті. Мұнда жұртшылық азық-түлік өнімдерін нарық құнынан төмен бағамен сатып ала алды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Өткен демалыс күндері Сарыарқа ауданы Қосшығұлұлы, 14 мекенжайында дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі басталды. Ол әр сенбі және жексенбі сайын қараша айына дейін өтеді.

Осы демалыс күндері Сарыарқа ауданында кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі басталды. Мұнда тауар өндірушілер өз өнімдерін алыпсатар делдалдарсыз сата алады. Сол себепті азық-түлік бағасы арзан күйде саудаланады. Қала тұрғындарына қажетті азық-түлік өнімдерінің бәрі ұсынылған: ет, сүт өнімдері, көкөніс, май, жарма, бал секілді түрлі өнімдер бар, - деді жәрмеңке ұйымдастырушысы Айтуған Күзербаев.

Жәрмеңкеге Ақмола, ШҚО, Жамбыл облыстарының Целиноград ауданының ауылшаруашылық тауар өндірушілері және Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлері қатысуда. Өнімдердің бәрінде қажетті сапа сертификаты бар.

Бұл қала аумағындағы екінші жәрмеңке. Ал біріншісі 17 сәуір күні Есіл ауданы, Сауран, 7 мекенжайында ашылған болатын.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...