Бас жаңалықтар
Елордада бүгін автобустар жүрмейді
15 Қараша 2020, 09:39 150

Елордада бүгін автобустар жүрмейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жексенбі күні 15 қарашада дезинфекциялық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік бір күнге тоқтатылады. Бұл туралы CTS баспасөз қызметі хабарлады.

Дүйсенбі күні 16 қарашада автобустар қалыпты режимінде қайтадан қатынайды. Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз.

Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді, атап айтсақ, көлік картасымен, SMS/QR-код көмегімен төленеді. 

Transcard.kz сайтынан қажетті тарифті таңдап, сатып алуға болады. Сонымен бірге, теңгеріміңіздегі қаржыны тексеріп, көп пайдалы ақпарат таба аласыз.




Фото: дереккөз
Загрузка...