Елордада битум құйылған бөшкелер өртенді

29 Мамыр 2020, 05:33
1121
Бөлісу:
Елордада битум құйылған бөшкелер өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада битум құйылған 20-ға жуық бөшке өртенді, деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.

28 мамыр күні сағат 18:46-да Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне өрт оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті. Анықталғандай, Алаш тас жолы, 9 мекенжайында 20-ға жуық битум құйылған бөшкелер өртенген. Әр бөшкенің көлемі 50 литр. Соның салдарынан жақын маңдағы КамАЗ дөңгелегі мен ЗИЛ көлігінің кабинасы зардап шеккен, – делінген департамент хабарламасында.
Өрт сағат 19:10-да ауыздықталды және 19:24-те толық сөндірілді. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт себебі анықталуда. 

Өзгелердің жаңалығы