Елордада банк карталарымен жолақыны төлеу жүйесі іске қосылды

29 Қыркүйек 2020, 13:21
1299
Бөлісу:
Елордада банк карталарымен жолақыны төлеу жүйесі іске қосылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада банк карталарымен жолақысын төлеудің тағы бір жүйесі сыналып жатыр. Бұл туралы CTS баспасөз қызметі хабарлады.

№20 бағытта кез келген екінші деңгейдегі банк картасымен жолақы төлеудің пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл төлем жүйесі тест режимінде жүзеге асырылады және шамамен бір айға созылады. VISA және Mastercard карталары, сондай-ақ, NFC жүйесімен жабдықталған смартфон арқылы төлем жасауға болады. Транзакция үшін оларды валидатордың жанында орналасқан арнайы терминалға тигізу жеткілікті. Қажет болған жағдайда жолаушы электронды билетті smsbus.kz сайтынан ала алады. Валидатор экранында мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық билетті алуға сілтемелер көрсетілген, - делінген хабарламада.

бус.jpeg

Естеріңізге сала кетейік, банк картасымен төлеу кезінде жол жүру құны 90 теңгені құрайды. 

Айта кету керек, қазіргі жолаушылар ағыны жасайтын 400 мыңнан астам сапары кезінде жол ақысын банк картасы байланыстырылған мобильді қосымшалар арқылы төлеудің балама әдістерін қолданудың өсуі байқалады және бұл үлес жалпы айналымның 20%-ын құрайды. Болашақта бұл үрдіс CTS-ке банк карталарынан тікелей төлем қабылдау мүмкіндігімен онлайн режиміне көшу міндетін қояды. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін CTS компаниясы бұрын банк карталарымен төлем қабылдау бойынша екі пилоттық жобаны жүргізді. Бұл пилоттық жобалар – толыққанды қосу алдында барлық бағыттарда әртүрлі валидаторлар мен жүйелерді тексеруге мүмкіндік береді.

бус2.jpeg



Өзгелердің жаңалығы