Бас жаңалықтар
Елордада балаларға арналған концерттер мен спектакльдер өткізіледі
21 Қыркүйек 2020, 22:47 124

Елордада балаларға арналған концерттер мен спектакльдер өткізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаланың кішкентай тұрғындарына арналған мәдени бағдарламада өнер қайраткерлерімен, танымал адамдармен тікелей эфирде кездесулер де бар, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Елордалық балалар үшін онлайн форматта ауқымды бағдарлама дайындалды. Балаларға арналған қойылымдар, көрмелер, концерттер және белгілі тұлғалармен кездесулер өткізіледі. Осы аптада келесі іс-шаралар жоспарланған:

24 қыркүйек күні Мемлекеттік академиялық филармония «Қорқыт» этно-ансамблінің «Ұлы даландық ұлы есімі «ҚОРҚЫТ» онлайн концертін өткізеді. Музыкалық қойылым сағат 16:00-де басталып, Instagram: astana_filarmoniya және Facebook: astana.filarmoniya арқылы көрсетіледі.

25 қыркүйекте «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі Мұхаметқали Тінәлиннің шығармашылығына арналған «Шілдері қайысы» онлайн концертін ұсынады. Акция 16:00-ге жоспарланған. Шараны Instagram: astana_filarmoniya және Facebook: astana.filarmoniya әлеуметтік желілерінен көруге болады.

26 қыркүйекте «Жастар» театры ІІ буын актерлерімен онлайн эфир өткізеді. Кездесу сағат 19:00-де https://www.instagram.com/zhastar_teatry/Facebook және YouTube парақшаларында басталады.

Елордалық қуыршақ театры «Балалар әлеміндегі таңғажайып оқиғалар» бағдарламалар топтамасын өткізеді. Онда балаларға тағылымды әңгімелер айтылады. Көрсетілім 23, 24, 25 қыркүйекте сағат 14: 00-де онлайн режимде өтеді. Балалар оларды Instagram-да @teatrkukolnursultan және Facebook-те teatr.kukol.nursultan парақшалары арқылы тікелей эфирде көре алады.

Сондай-ақ елорданың орталықтандырылған кітапхана жүйесі «Бейбітшілік - бұл ақиқат, татулық - келісім»; «Жер шарында бейбітшілік болсын!»; «Қазақстан халқының Ассамблеясы»; «Әлем үшін керемет бол, сонда әлем сен үшін ғажап болады» онлайн кітап көрмесі топтамаларын дайындады. Экспозиция бір ай бойы қолжетімді болады. Сағат 10:00-де қала тұрғындары оған Instagram-да және Facebook-те kitap_kala парақшасынан кіре алады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...