Елордада балаларға арналған қандай үйірме орталықтары бар?

22 Қараша 2019, 16:24
6495
Бөлісу:
Елордада балаларға арналған қандай үйірме орталықтары бар?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында 11 мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Олардың көбінде көп балалы, аз қамтылған отбасылардың балаларына, ерекше мұқтаж балаларға жеңілдіктер қарастырылған.

Елордаға қосымша білім беруді 11 мемлекеттік ұйым ұсынады: 2 оқушылар сарайы, 3 музыка мектебі, 2 өнер мектебі, Балалар көркемсурет мектебі, Техникалық шығармашылық орталығы, "Шығыс" балалар-жасөспірімдер орталығы, Жасөспірімдер туризмі мен өлкетану орталығы. 

Оқушылар сарайлары көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға тегін қызмет көрсетеді, сондай-ақ ақылы секциялар да жұмыс жасайды. 

Жеңілдіктер №1 Балалар музыка мектебінде де қарастырылған. Мұнда көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға 20% жеңілдік берілсе, жетім балалар мен ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға тегін қызмет көрсетіледі. 

Сонымен қатар, №2, №3 Балалар музыка мектептерінде көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға 50% жеңілдік көрсетілсе, жетім және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға тегін қызмет көрсетіледі. 

Секциялар туралы толық ақпаратты төменде көрсетілген мемлекеттік мекемелердің мекенжайлары бойынша алуға болады:

 Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Оқушылар сарайы" МКҚК Сайт: http://www.dvschool-online.kz/ Байланыс телефондары (тел., мекен-жайы): Нұр-Сұлтан қаласы Бауыржан Момышұлы даңғылы, 5  тел.: 701219,701255, 701212; 

"М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы" МКҚК, сайт: dvor.kz, байланыс телефондары (тел, мекен-жайы): Мәмбетов көшесі,1, тел. 32-49-26, 32-49-89;

"№1 Балалар музыка мектебі" МКҚК сайт: https://dmsh1-astana.kz/ байланыс телефондары (тел, мекен-жайы): Желтоқсан көшесі,36. 8 (7172) 314386   

"№2 Балалар музыка мектебі" МКҚК, сайт: Dmsh2astana.kz, байланыс телефондары (тел, мекен-жайы): Ш. Айманова, 8, тел: 43-70-76, 21-70-73;

"№3 Балалар музыка мектебі" МКҚК, сайт: astana-dmsh3.kz, байланыс телефондары (тел, мекен-жайы): Нұр-Сұлтан қаласы Бейсекбаев көшесі 3/1, тел. 37-11-19.



Өзгелердің жаңалығы