Елордада автобус бағыттары уақытша өзгереді

26 Маусым 2019, 16:49
1521
Бөлісу:
Елордада автобус бағыттары уақытша өзгереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Нұр-Сұлтан қаласында жол жөндеу жұмыстарына байланысты №4 және 320 бағдардағы автобустардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Наурыз көшесінде жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №4 бағдардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Бағдар Сарыөзен, Ақмола көшелері арқылы қатынайды.

Сүйінбай ақын көшесінде жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №320 бағдардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Бағдар Зайсан, Ақан Сері көшелері арқылы қатынайды.

«Осыған байланысты қоғамдық көлік жүргізушілері мен жолаушыларды түсіністікпен қарап, бағытын алдын ала жоспарлауды өтінеміз»,- делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы