Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

26 Маусым 2019, 16:35
2044
Бөлісу:
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен, аймақ басшысының өкіміне сәйкес Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Нұрлыбай Қаржаубайұлы Аққұлов тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Нұрлыбай Қаржаубайұлы 1976 жылы Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында туған. Білімі жоғары.

Еңбек жолын Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің «Құрылысты жобалау, технология және ұйымдастыру» кафедрасында оқытушы қызметінен бастап, құрылыс саласында түрлі лауазымдарда еңбек еткен.

2009-2012 жылдар аралығында Мағыстау облысының Қарақия ауданы әкімінің орынбасары, кейін Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы болды.

2013-2018 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2018 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «WestEcoPlast» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болып жұмыс жасады.

 


Өзгелердің жаңалығы