Бас жаңалықтар
Елордада алғаш рет БҰҰ-ның симпозиумы өтіп жатыр
28 Мамыр 2019, 10:56 357

Елордада алғаш рет БҰҰ-ның симпозиумы өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада  Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) бітімгершілік үшін технологиялардағы серіктестік бойынша бесінші симпозиумы өтіп жатыр.

Осы іс-шара аясында бүгін ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев БҰҰ Бас хатшысының жедел қолдау және бітімгершілік операциялар жөніндегі орынбасарлары Атул Харе және Жан-Пьер Лакруамен мырзамен кездесті. 

Кездесу барысында еліміздің қарулы күштерінің әскери қызметшілерінің, оның ішінде, бітімгерші әйелдердің БҰҰ миссияларына қатысу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ «Ақылды міндеттемелер» аясында бітімгершілік операцияларға қазақстандық қарулы күштердің қатысуын әртараптандыру мәселесі де сөз болды.  Қазақстан жақын арада БҰҰ бітімгершілік әлеуетінің әзірлігі жүйесінде мамандандырылған бітімгершілік бөлімшелерді ұсынуға ниетті. Сондай-ақ ұлттық бітімгершілік бастамаларды ілгерілету және ҚР қарулы күштерінің офицерлерін бітімгершілік операциялар мен операциялық қолдау жөніндегі БҰҰ-ның департаменттерінде бос лауазымдарға тағайындау мүмкіндігі мәселесі де айтылды. 

Айа кетейік, бұған дейін БҰҰ-ның бітімгершілік симпозиумы Аустрия, Германия, Италия, Оңтүстік Корея сияқты елдерінде өткізілген. Симпозиум бітімгершілік операциялардың тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру үшін мемлекеттер, ғылыми орта және халықаралық ұйымдар арасында өзара іс-қимыл платформасы болып саналады. 

Симпозиумда бітімгершілердің қауіпсіздігін арттыру үшін технологиялық инновациялар, коммуникацияларды нығайту, ахуалдық хабардар етуді жақсарту, қолдан жасалған жарылғыш құрылғарға қарсы тұру, телемедицинаны енгізу, сондай-ақ қоршаған ортаға ықпал етуді азайту тақырыптары да талқынылады. 

Былтырғы жылдың қазан айында Қазақстан алғаш рет Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштеріне үнділік батальонмен бірге 120 әскериден құралған бітімгершілік ротаны жіберген болатын. Қазіргі уақытта батыс Сахарада референдумды өткізу бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік миссиясына әскери бақылаушылар ретінде қазақстандық екі әйел офицер қызмет етіп жатыр.  Одан басқа, осы жылдың басында БҰҰ әлемнің кез келген елінен әскери қызметшілерге қолжетімді «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» (ҚАЗЦЕНТ) қазақстандық оқу-жаттығу орталығының бітімгершілік курстарын сертификаттады.

Фото: автордан
Загрузка...

Сізден жаңалық