Елордада 7 ақпанда автобус тоқтамайды

3 Ақпан 2021, 14:52
1685
Бөлісу:
Елордада 7 ақпанда автобус тоқтамайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 ақпанда қоғамдық көлік жүреді. Бұл туралы CTS баспасөз қызметі хабарлады.

Жексенбі күні, 7 ақпанда қоғамдық көлік жүреді, - делінген хабарламада. 

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көліктің штаттық режимде жұмыс істеуіне жексенбі, демалыс және мереке күндері тоқтаусыз (экспресс-бағдарлардан басқалары) сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін рұқсат етіледі.⠀ 

Сондай-ақ бетперде тағу режимін сақтау қажет. Қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.

Өзгелердің жаңалығы