Бас жаңалықтар
Елордада №54 мектеп-лицейде өрт шықты
03 Қыркүйек 2021, 10:35 957

Елордада №54 мектеп-лицейде өрт шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы №54 мектеп-лицейінде өрт шықты. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін 9 сағат 4 минутта Өрт сөндіру қызметіне Байқоңыр ауданы Иманбаева 4 мекен жайында орналасқан №54 мектеп-лицейінде өрт болып жатыр деген хабар түсті. Өрт сөндірушілер келген кезде кіреберістегі 1-қабаттағы төбе жабындысының бықсып жанып жатқаны анықталды, - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер өртті 15 минут ішінде толығымен сөндірді. Өрт аумағы 8 шаршы метр. Оқушылар өрт сөндірушілер келгенше эвакуацияланған. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіруге Өрт сөндіру қызметінен 8 қызметкер және 4 техника жұмылдырылды.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД өрт шыққан жағдайда дереу құтқару қызметінің 101 немесе 112 телефондарына қоңырау шалуға және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.


Фото: дереккөз
Загрузка...