Елордада 123 шақырым веложол салынады

10 Тамыз 2020, 13:34
1298
Бөлісу:
Елордада 123 шақырым веложол салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада 123 шақырым веложол салу жоспарланған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нариман Еламанов айтты.

Елордамыздың веложолдарының саны артып келеді. Қазіргі таңда 70 шақырым веложол төселді. Жоспар бойынша алдағы уақытта 123 шақырым төселеді. Оның ішінде биылғы жылы 46,4 шақырым, 2021 жылы 36 шақырым, 2022 жылы 40,7 шақырым және жасыл белдеу жанында 23 шақырым төселеді. Сондай-ақ триатлон, астаналық, Жерұйық, ботаникалық  саябақтарында жаяу жүргіншілер мен велосипед тебушілерге арналған жолақтар бар, - дейді Нариман Еламанов.
Оның айтуынша, елордада 318 ашық футбол алаңы бар. Аудандар бойынша айтар тоқталсақ, Алматыда 140, Байқоңырда 77,  Есілде 38, Сарыарқада 63 алаң орналасқан. Ал Street Workout алаңдары бойынша Алматыда 8, Байқоңырда 3, Есіл мен Сарыарқада алтаудан бар. Баскетболға арналған 40 алаң орналасқан (Алматыда 26, Байқоңыр 4, Есіл 7, Сарыарқа 3).

Еске сала кетейік, осыған дейін елордада халықаралық жарыстарды өткізетін жаңа спорт кешені дайын болғаны туралы жазғанбыз.
Өзгелердің жаңалығы