Елорда тұрғындарына жауап беретін байланыстың жаңа түрі қосылды

25 Маусым 2019, 14:03
1484
Бөлісу:
Елорда тұрғындарына жауап беретін байланыстың жаңа түрі қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала тұрғындарымен тығыз қарым-қатынаста болып, сұраныстарына уақытылы жауап беру үшін  үшін байланыстың жаңа түрі іске қосылды. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Facebook парақшасында хабарлады, деп жазды astana.gov.kz. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың сұраныстарына уақтылы жауап беріп, коммуникацияның жаңа түрін пайдалануды әкімдердің алдына міндет етіп қойған.

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және жеке өзімнің тарапымнан жергілікті атқарушы орган мен тұрғындардың өзара байланысын тиімді әрі нәтижелі етуге басымдық беріледі. Қаланы дамытуға әрбір тұрғын қатысуы қажет деп есептейміз. Сондықтан, тұрғындардың қатысуын қамтамасыз ететін коммуникацияның жаңа түрін енгізуді ұсынамын», - деді Алтай Көлгінов.
Алтай Көлгінов шаһардың көркеюі мен мәселелерді оңтайлы шешу жолында бәрінің білімі мен тәжірибелерін қосып, ұсыныстар мен ой-пікірлерін біріктіруге шақырды.  

«Қоғамның барлық саласында жүрген тұрғындарымыздың ой-пікірін білу маңызды. Ұсыныстар ескерусіз қалмайды. Үздік идеялар жинақталып, олар қала игілігі үшін жүзеге асырылады», - деді елорда әкімі.

Қала тұрғындары ойлары мен идеяларын www.ashyqalan.kz/#/ платформасына орналастыра алады.

«Елордамызды жақсартуға үлес қосатын тың ұсыныстар күтеміз. Қаланы ортақ басқарып, бірге дамытайық!» - деп қорытындылады елорда әкімі.
Өзгелердің жаңалығы