Бас жаңалықтар
Елорда тұрғындары Сарыбұлақ өзенінің жағасын тазалады
27 Мамыр 2019, 15:05 626

Елорда тұрғындары Сарыбұлақ өзенінің жағасын тазалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана жастары» ресурстық орталығы Сарыарқа ауданы әкімдігімен бірлесіп, республикалық экологиялық «ECO-chаllenge» акциясын өткізді деп xабарлады, елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Жасыл ел» жастар еңбек жасағының өкілдері, «Астана жастары» ЖРО еріктілері мен «А35» жобасының қатысушылары, сонымен қатар қаланың белсенді тұрғындарының күшімен Нұрғиса Тілендиев көшесінен бастап, Сарыбұлақ өзенінің жағасы мен Теміржол вокзалына дейінгі аралық толықтай қоқыстан тазартылды. Жалпылай есептегенде, 540 кг қоқыс жиналып, жойылды. Ұзындығы 2,5 км, жалпақтығы шамамен 4 метрлік өзен жағасы тазартылды.

«Акцияның барлық қатысушыларына үлкен алғыс білдіреміз! Қаламыздың барлық тұрғындарын экологиялық іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз!», - делінген ұйымдастырушылардың xабарламасында.


Загрузка...