Бас жаңалықтар
Еліміздің одан әрі дамуының бағытын анықтауымыз керек – Айман Мұсақожаева
19 Сәуiр 2019, 21:04 748

Еліміздің одан әрі дамуының бағытын анықтауымыз керек – Айман Мұсақожаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақ ұлттық өнер университеті Ж. Жабаев атындағы залында «Кезектен тыс сайлау – Демократиялық жолда» тақырыбында ҚР Музыка қайраткерлері одағының отырысы өтті.

«Біз тәуелсіз мемлекетіміздің қазіргі тарихының маңызды оқиғаларының куәгері болдық. Соңғы айдың ең маңызды ішкі саяси оқиғалары Қазақстан Республикасы Конституциясының мазмұнында бекітілген және мемлекеттік биліктің сабақтастығын қамтамасыз ететін демократиялық рәсімдерге байланысты», - деп атап өтті Айман Мұсақожаева.

Оның сөзінше, еліміздегі музыкалық қайраткерлер ұжымы 9 маусымдағы Президент сайлауының маңыздылығын түсінеді.

«Біздің мемлекетіміздің музыкалық қайраткерлерінің бүкіл ұжымы Қазақстан Президентінің алдағы сайлауын өткізудің барлық маңыздылығын түсінеді, өзінің азаматтық борышы мен жауапкершілігін, осы маңызды саяси оқиғаны жүзеге асыруға белсенді қатысу қажеттігін түсінеді деп сенемін. 9 маусымда біз өзіміздің саяси жетілуімізді көрсетіп, сайлау учаскелеріне келіп, өзіміздің демократиялық таңдауымызды жасап, еліміздің одан әрі дамуының бағытын анықтауымыз керек», - деді Айман Мұсақожаева.

Шараға көрнекті қоғам қайраткерлері мен Қазақстан Республикасы Музыка қайраткерлері одағының мүшелері қатысты.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық