Еліміздің кей облыстарында көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді

20 Ақпан 2021, 09:08
815
Бөлісу:
Еліміздің кей облыстарында көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарда қатты жауын-шашын мол көлемде жауады. 

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман болып, желдің күші секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге жетеді. 

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 17-22 м/с, кей жерлерде 27 м/с жылдамдықпен соғады. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, жаяу бұрқасын болады. 

Түркістан облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. 

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, жаяу бұрқасын соғады. Павлодар облысында түнде желдің күші секундына 17 метрге жетеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман түседі. 

Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі, күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Өзгелердің жаңалығы