Бас жаңалықтар
Еліміздің бірнеше аймағында жолдар ашылды
24 Қаңтар 2021, 15:48 231

Еліміздің бірнеше аймағында жолдар ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірнеше өңіріндегі трассалардағы қозғалыс шектеулері алынып тасталды. 

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Ақмола облысында 24 қаңтарда сағат 12.00-де «Нұр-Сұлтан – Петропавл» тас жолы 18-231 км, Нұр-Сұлтан – Щучинск қаласы учаскесі бойынша қозғалыс ашылды.

Сонымен қатар Жамбыл облысында 24 қаңтарда сағат 08.30-да «Алматы – Ташкент – Термез» автожолы, 536-593 км, Айша-бибі А учаскесі – Түркістан облысының шекарасы ашылды.

Тараз – Шымкент жолындағы шектеу алынып тасталды. Қозғалыс автокөліктің барлық түрі үшін қалпына келтірілді. Қатты желдің салдарынан Қордай-Благовещенка трассасы (жаңа асу – бетонка) жабылды. Қозғалыс ескі асу (Қордай – Отар) бойынша жүргізіледі.

Бұдан бөлек Түркістан облысында 24 қаңтарда сағат 08.45-те «Алматы – Ташкент – Термез» автожолы бойынша қозғалыс ашылды. Жамбыл облысы бойынша – Машат ауылы.

Қызылорда облысы, «Самара – Шымкент» автожолы, 1912-2057 км, Бәйгеқұм кентінің учаскесі – Түркістан облысының шекарасы сағат 05.25-тен бастап ашылды.

Түркістан облысы «Самара – Шымкент» автожолы 2057-2175 км учаскесі Қызылорда облысының шекарасы – Төрткөл кенті 05.30-дан бастап ашылды.

Атырау облысында ауа райы бұлтты, тұман 0, -2. АТС қозғалысы үшін үзілістер немесе шектеулер жоқ. Жол-көлік оқиғасы тіркелген жоқ.


Фото: дереккөз
Загрузка...