Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

3 Қазан 2021, 12:03
991
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 3 қазанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсері Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық жартысында сақталады, онда тұрақсыз ауа райы күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, оңтүстік-шығыста таулы аудандарда кейде қатты жауын-шашын жауады, жел күшейеді, түнгі сағаттарда тұман, көктайғақ болады. 

Қазақстанның батыс жартысы антициклонның жотасының әсерінде болғандықтан, жауын-шашынсыз болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Қостанай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-батысында тұман күтіледі, күндіз облыстың солтүстік-батысында жел 15 м/с күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман түседі. Павлодар облысының батысында тұман, көктайғақ болады. Қарағанды облысының шығысында тұман түсіп, күндіз солтүстігінде, облыс орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі, солтүстік-шығысында 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, жел 15-20 м/с жетеді. Алматы облысының таулы аудандарында тұман болады.



Өзгелердің жаңалығы