Еліміздегі алғашқы әлеуметтік көлік жуу орталығы қалай жұмыс істейді?

23 Мамыр 2020, 10:53
1756
Бөлісу:
Еліміздегі алғашқы әлеуметтік көлік жуу орталығы қалай жұмыс істейді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екі апта бұрын Нұр-Сұлтанда және әзірге Қазақстандағы алғашқы әлеуметтік көлік жуу орталығы ашылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Онда менталды ауытқуы бар адамдар жұмыс істейді. 

Негізгі мақсат – әлеуметтік аз қамтылған санаттағы және ақыл-есінде кемістігі бар балаларды оқытып, жұмысқа орналастыру. Алдымен біз бес адамнан екі топ жинап, оларды оқыттық. Қазір толық масштабта жұмыс істеп, клиенттерімізге қызмет көрсетудеміз, – дейді кәсіпкер.

Оның айтуынша, әлеуметтік көлік жуу орталығының басқалардан айтарлықтай ерекшелігі жоқ. Бір ғана кішкентай, бірақ маңызды деталь бар.
Бұл балалардың жекелеген ерекшелікері бар. Олар, біріншіден, адал және алдамайды. Көлікті тиянақты жуады. Ал уақыт жағынан алсақ серис басқалардан кем емес. Бастапқыда бір көлікті төрт сағат жусақ, қазір – бір сағатта жуып бітіреді. Процессті тездету үшін екі адамнан қоямыз. Қызмет көрсету уақытын 40 минутқа дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұған дейін айтқанымдай, біз көлікті тап-таза қылып жуудан бәсекеге түсе аламыз, – деп қосты Әскеров. 

Айта кетерлігі, басқа көлік жууларда «ерекше» жұмыскерлерге деген сұраныс пайда болған. Сондықтан әлеуметтік кәсіпкердің жоспарында көлік жуушыларды дайындайтын орталық ашу жоспары бар.

Белгілі болғандай, барлық көлік жуу орталықтарындағы басты проблема кадрдың жиі ауысатынымен байланысты. Тіпті, біздің орталыққа ұсыныс түсе бастады, жұрт біздің балаларды жұмысқа алғысы келеді. Мен бұл санатпен ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрмін, олардың ерекшелігін білемін. Кейбірі менімен ұзақ уақыт бірге жүр, ешқайда кеткілері келмейді. Біз оларды оқытудың өз әдістемесі мен жүйесін әзірлеп, жұмысқа енгіздік және бұл процесс табысты жүріп жатыр,– деді спикер. 
Эмин Әскеровтің пайымдауынша, ең бастысы психологиялық дұрыс қадам мен төзім керек. 

Олар әр нәрсені жақсылап түсіндіріп, күнделікті білім беруді қажет ететін балалар. Сондықтан өзіңді сабырлы болып, бір қалыпта ұстап және оларға өздерін көрсетуге мүмкіндік беру маңызды. Міне, осындай кішкентай нәрселер олардың ашылуына себеп болды, – деді кәсіпкер. 

Қазір жаңа форматтағы орталықта он адам жұмыс істейді. Жақын арада үшінші топты жинау жоспарланған. Көлік жуу орталығы Нұрсая-1 ТК орналасқан. 


Әзірше сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін істеп жатырмыз. Тәулік бойы істеуге рұқсат еткен кезде, үшінші ауысымға көшеміз, – деп түйіндеді сөзін Э.Әскеров.


Өзгелердің жаңалығы